"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БІРСУАТ  АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА  СЕЛА БИРСУАТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ  ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төрлет бізге жаңа-жыл»

11.01.2019

    Бірсуат орта  мектебінде желтоқсан айының  27 жұлдызында сағат 10:00-де оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту мақсатында  1-4 сыныптар аралығында «Төрлет бізге жаңа-жыл» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Кеш барысында Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалардың дайындаған концертін тамашалады. Сынып жетекшілері әр түрлі сайқымазақ киімдерін киіп, мысық, тауық, мыстан кемпір, т.б кейіпкерлер рольін сомдап, қойылымдар жасады. Оқушылар тақпақ айтып, әндер айтып, билер билеп, Аяз атадан сыйлықтар алды. Сонымен қатар ауылдағы ТОО «Баймырза-АГРО» компаниясы 1-4 аралығындағы сынып оқушыларына демеушілік жасап, арнайы жаңа-жылдық сыйлықтар тапсырды. Желтоқсан айының 27 жұлдызында сағат 17:00-де 5-7 сыныптар аралығында «Қош келдің Жаңа-жыл» атты мерекелікконцерт болып өтті. Концерт барысында ұйымдастырушылар түрлі ойындар ойнатып, командаларға бөліп жарыс түрінде қызықты қылып өткізді. Жеңген топтар Аяз атадан арнайы сыйлықтар алып отырды. Желтоқсан айының 28 жұлдызында сағат 19:00-де 8-11 сыныптар аралығында  «Жаңа – жыл, жаңа ғасыр» атты мерекелік концерт өткізілді. 9 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған кеш өте қызықты өтті. Кеш барысында әр оқушылар өнер көрсетіп, түрлі ойындар ойнатылып, жасыл шыршаның  айналасын шатыққа бөледі. Кеш соңы оқушылар биіне жалғасты. Сонымен қатар ауылдағы ТОО «Баймырза-АГРО» компаниясы 1-9 сынып аралығындағы сынып оқушыларына демеушілік жасап, арнайы жаңа-жылдық сыйлықтар тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 499


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст